25 қазаннан бастап Халықаралық қаржы корпорациясы XS2069962343 (IFC_K281021) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілді

24.10.19 16:00
/KASE, 24.10.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2019 жылдың 22 шілдесінен бастап Халықаралық қаржы корпорациясы XS2069962343 (1 теңге, 9,5 млрд теңге, 28.10.19 – 28.10.21, жылдық купон, жылдық 9,50 %; actual/360) халықаралық облигациялары KASE ресми тізіміне "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" санаты бойынша енгізілді. Аталмыш облигациялардың бастамашысы "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan) АҚ (Алматы) болып табылады. Басқарманың аталмыш шешімі 2019 жылдың 25 қазанынан бастап "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.5 қосымшасы 2 тарауы 2 тармағының 1) тармақшасының шарттарына сәйкес күшіне енеді. Аталмыш облигациялардың сауда-саттығы ашылуы туралы қазақстан қор биржасында қосымша жарияланады. Осы облигацияларға IFC_K281021 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/issuers/IFC_/ жуырдағы уақытта жарияланады. [2019-10-24]