"Хоум Кредит энд Фмнанс Банк" АҚ Еншілес банкі өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

24.10.19 12:00
/KASE, 24.10.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Хоум Кредит энд Фмнанс Банк" АҚ Еншілес банкі (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған KZ1C00160016 жай акцияларының жалпы саны 160 240 дана; - банктің 34 890 жай акциялары орналастырылған; - банктің жалғыз акционері және, тиісінше, банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "ХОУМ КРЕДИТ ЭНД ФИНАНС БАНК" ЖШҚ болып табылады. [2019-10-24]