"КазТрансГаз Аймақ" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
24.10.19 10:39
/KASE, 24.10.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "КазТрансГаз Аймақ" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания)
биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01
қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C48950014 жай акцияларының жалпы саны 67 743 667
дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға АО "КАЗТРАНСГАЗ" болып табылады.
[2019-10-24]