"КазТрансОйл" АҚ 2019 жылдың 9 айындағы өндірістік қызмет қорытындылары туралы хабарлайды

23.10.19, 15:17
/KASE, 23.10.19/ – Акциялары "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазТрансОйл" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2019 жылдың 22 қазанындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Есепті кезеңде «ҚазТрансОйл» АҚ шоғырланған мұнай жүкайналымы 34 млрд 277 млн тонна-километрді құрады, бұл 2018 жылдағы осындай кезеңнен салыстырғанда 322 млн тонна-километрге кем. «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша бөлек 33 млн 340 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2018 жылғы 9 аймен салыстырғанда 571 мың тоннаға кем. ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша бөлек мұнай жүк айналымы 28 млрд 310 млн тонна-километр құрады, бұл 2018 жылдағы осындай кезеңнен 230 млн тонно-километрге кем. 2018 жылдағы осындай кезеңнен салыстырғанда «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 431 мың тоннаға азайды және 10 млн 806 мың тонна құрады. «ТОН-2» мұнай құбырының Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан учаскесі бойынша 8 млн 247 мың тонна мұнай тасымалданды. «Атасу-Алашанькоу» мұнай құбырына 8 млн 211 мың тонна мұнай ауыстырып тиелді, бұл былтырғыдан 399 мың тоннаға кем. цитата соңы [2019-10-23]