/KASE, 14.10.19/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасы
(KASE) Қазақстан қор биржасы "Жазылым" сауда-саттық жүйесі модулінде
"Баспана" Ипотекалық Ұйымы" АҚ (Алматы) KZ2C00006211
(халықаралық облигацияларын BASPb4, 1 000 теңге, 70,0 млрд теңге;
26.09.19–26.09.21, жылдық купон, жылдық 8,50%, 30/360) алғашқы рет
жазылым жүргізу арқылы орналастырылады.
Жазылым жүргізу кезінде сатушы ретінде Қазақстан Халық банкінің еншілес
ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) қатысады.
Орналастырылған облигациялардың номиналдық көлемі – 55 000 000 000,0
теңге (номиналдық құны 1 000 теңгеден 25 000 000 дана).
Өтінімдерді жинақтау аяқталған сәтте сауда-саттық жүйесіне барлық
орналастыруға ұсынылған көлемнің көлеміне жеті шектелімді өтінім келіп
түсті. Өтінім белсенді деп танылды. Берілген өтінімдегі "таза" бағасы
номиналдан 95,8630–95,9606 % (10,95–10,86 % жылдық), орташа
сараланған таза бағасы номиналдан 95,8673 % (10,9474 % жылдық) құрады.
Жазылым кезінде саұраным ұсыным көлеміне 92,0 % құрады.
Белсенді өтінімдердің жалпы көлемі екінші деңгейдегі банктердің үлесіне
58,7 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне 21,7 %, өзге
институционалдық инвесторларға – 19,6 %.
Сауда-сатық қорытындысы бойынша эмитент кесім бағасын номиналдан
95,8630 % (жылдық 10,95 %) белгіледі және жалпы сомасы 22 130 927 333,3
теңгеге 23 000 000 облигацияларды орналастыра отырып, жеті өтінімді
қанағаттандырды. Орташа сараланған таза бағасы номиналдан 95,8673 %
құрады (жылдық 10,9474 %).
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" (Алматы) мәліметтеріне сәйкес
барлық мәмілелер аталмыш ноттарға жазылым нәтижелері бойынша
аталмыш ақпарат жарияланған сәтте есептелді, жазылым аяқталды.
Аталмыш облигацияларды орналоастыру туралы толық ақпарат KASE
интернет-сайтында
http://kase.kz/ru/bonds/show/BASPb4/ мекен-жайында
жарияланды.
[2019-10-14]