Халықаралық Алматы аэропорты" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
11.10.19 09:56
/KASE, 11.10.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, Халықаралық Алматы аэропорты" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания)
биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01
қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C32600013 жай акцияларының жалпы саны 100 000
дана, артықшылықты акциялар саны – 10 000 дана;
- компанияның 78 414 жай акциялары орналастырылған, компанияның артықшылықты
акциялары орналастырылмаған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға VENUS AIRPORT INVESTMENTS B.V. болып табылады.
[2019-10-11]