"Altyntau Kokshetau" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
04.10.19 09:24
/KASE, 04.10.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Altyntau Kokshetau" АҚ ("Altyntau Kokshetau" АҚ, бұдан әрі –
компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019
жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C60290018 жай акцияларының жалпы саны 400 000
дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "КАЗЦИНК" ЖШС болып табылады.
[2019-10-04]