АНОНС: 2019 жылдың 11 қазанында KASE "Қор нарығының негіздері" атты семинар өткізеді

01.10.19 14:38
/KASE, 01.10.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2019 жылдың 11 қазанында компаниялардың қаржылық және заңгерлік бөлімшелерінің қызметерлері үшін "Қор нарығының негіздері" атты ақпараттық-түсіндірме семинар өткізетіні туралы хабарлайды. Өтетін орны: Алматы қ, Гоголь көшесі, 111 ("Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ мәжіліс залы, 1-ші қабат. Барлық ниет білідрушілерге семинарға қатысу тегін. Семинарды өткізу мақсаты – қазақстандық компаниялардың отандық қор нарығы туралы білім деңгейін арттыру болып табылады. Тыңдаушылар қор нарығының негіздері, қаржы құралдарын компанияның қаржы ағымдарын бсқаруға пайдалану жөнінде қосымша ақпарат ала алады. Іс-шараның бағдарламасы http://kase.kz/files/mix/programm_11_10_2019.pdf сілтемесі бойынша қолжетімді. Барлық мәселелер бойынша +7 (727) 237 5300 (ішкі 1189), +7 (727) 237 5320 телефондарына немесе customers@kase.kz электрондық пошта мекен-жайына хабарласуға болады. [2019-10-01]