30 ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫНДА ВАЛЮТАЛЫҚ СВОП ОПЕРАЦИЯЛАРЫ НАРЫҒЫНДА ЖАҢА ҚАРЖЫ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ САУДА-САТТЫҚТАРЫ АШЫЛАДЫ

25.09.19 17:56
/KASE, 25.09.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2019 жылдың 30 қыркүйегінен бастап АҚШ доллары / қазақстандық теңге валюталық жұбына қатысты орындау мерзімі алты ай және бір жыл валюталық своп операцияларының сауда-саттықтары ашылатыны туралы хабарлайды KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш қаржы құралдарына тиісінше USDKZT_0_06M және USDKZT_0_01Y қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілді Аталмыш қаржы құралдары бойынша операцияларды жүзеге асырғанда лот көлемі 10 000 АҚШ долларын құрайды, сауда-саттықтың негізгі әдісі үздіксіз қарсылама аукцион болып табылады. Осы кезде Биржада қытай юаніне қатысты сауда-саттықтары алматылық уақытпен 10:15-тен 11:00-ге дейін өткізілетінін, АҚШ долларына, еуроға және рубльге қатысты валюталық своп операциялары – алматылық уақытпен 11:30-дан 15:30-ға дейін өткізілетінін еске саламыз. KASE интернет-сайтында қолжетімді: - Сауда-саттық регламенті және Растау жүйесінің жұмысы – http://kase.kz/files/normative_base/reglament_trade.pdf - Валюталық своп операцияларының маманданымы – http://kase.kz/files/normative_base/specification_swap.pdf [2019-09-25]