/KASE, 25.09.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан), 2019 жылдың
25 қыркүйегінде Биржаға жолдаған хабарламасында былай деп мәлімдеді:
цитатаның басы
Алматы облысында қуаты 0,4 МВт күн электр станциясының (КЭС)
құрылысы аяқталды. Станция "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ желілеріне
қосылған, таяу арада "ЖЭК-ті қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу
орталығы" ЖШС-ға электр энергиясын босатуды бастайды. Жобаны
"Samruk-Green Energy" ЖШС – қазақстандық электр энергетикалық холдинг
"Самұрық-Энергоның" құрамындағы компания іске асырды.
Станцияның құрылысы 2019 жылғы мамырда басталды. Жоба Қапшағай
қаласында жұмыс істеп тұрған, қуаты 2 МВт күн электр станциясы
инфрақұрылымының базасында жүзеге асырылды. Естеріңізге сала кетейік,
2 МВт КЭС 2013 жылғы желтоқсанда пайдалануға беріліп, сол кезде
Қазақстан Республикасындағы өндірістік ауқымдағы алғашқы күн электр
станциясы болатын. 2 МВт КЭС Еуропада жасалған 7995 фотоэлектрлі
модульден тұрады. Станцияның ерекшелігі – мұнда трекерлік (күннің бағыты
бойынша қозғалатын) қондырғылар пайдаланылады. Іске қосылғалы бері
2 МВт КЭС 16 млн. кВт*сағ. электр энергиясын өндірді.
цитатаның соңы
Толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды:
-
http://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_250919_kz.pdf – қазақ тілінде;
-
http://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_250619.pdf – орыс тілінде.
[2019-09-25]