23 қыркүйектен бастап Листингілік ережелерге енгізілген түзетулер қолданысқа енгізіледі

18.09.19 17:17
/KASE, 18.09.19/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) 2019 жылдың 28 мамырындағы шешімімен "Листингілік ережелер" (Ережелер) атты KASE ішкі құжатына енгізілген № 9 түзетулер бекітілді, осы түзетулер Биржаның мен "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ өзара ақпараттық әрекеттесуіне қатысты нормаларды қоспағанда, 2019 жылдың 29 мамырынан бастап қолданысқа енгізілді. Осы нормалар KASE Директорлар кеңесінің 2019 жылдың 16 қыркүйегіндегі шешімімен 2019 жылдың 23 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізіледі. Листингілік ережелердің жаңартылған мәтіні KASE интернет-сайтында жарияланды – http://kase.kz/ru/kase_rules/ 2019 жылдың 29 мамырында жарық көрген "29 мамырдан бастап Листингілік ережелерге және Директорлар кеңесінің Эмитенттердің қаржылық есеп берушілігі және аудиті жөніндегі комитеті туралы қағидаға енгізілген түзетулер қолданысқа енгізіледі" тақырыбындағы KASE жаңалығы http://kase.kz/ru/news/show/1403718/ мекен-жайында жарияланған. [2019-09-18]