KASE Директорлар кеңесі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарының кірістілігін анықтау әдістемесі" атты жаңа ішкі құжатын бекітті

18.09.19 17:15
/KASE, 18.09.19/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2019 жылдың 16 қыркүйегіндегі шешімімен "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарының кірістілігін анықтау әдістемесі" (Әдістеме) атты KASE жаңа ішкі құжаты бекітілді. Әдістеменің қолданысқа енгізілу датасы туралы қосымша жарияланады. Әдістеме индекстелмеген мемлекеттік бағалы қағаздардың (МБҚ) нарықтық бағалауын, Нельсон-Сигель моделін пайдаланумен, жаңа әдістемеге көшіру мақсатында әзірленген. KASE мамандары өткізген зерттеулер көрсеткендей, Нельсон-Сигель моделі дүниежүзі бойынша облигациялардың бағалауын жасағанда жалпымен мойындалған, және оны қолдану МБҚ кірістілігінің қисығын объективтілігі мен өндірілушілігін елеулі арттырады Осы кезде МБҚ "Бағалы қағаздарды бағалау әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына сәйкес жүзеге асырылады, олардың мәндері әр МБҚ өтеуге дейін қалған мерзіміне қарай бөлінген топшалары шегінде анықталады. МБҚ кірістілігінің қисығын құру үшін полиноминалды тренд сызығы қолданылады. Әр топшаға, өтеуге кірістілігі өтеуге дейін қалған күндер санына тәуелділігі бір полиниминалды тренд теңдеуімен мейлінше дәл көрсетілетін, бағалы қағаздар енгізіледі. Әр топша үшін полиноминалды трендтің теңдеуі осы топшадағы МБҚ-мен жасалып орындалған мәмілелердің параметрлерін жуықтау арқылы (өтеуге дейін дата мен кірістілігі) анықталады. Полиноминалды трендтің алынған сызықтары осы сызықтардың өзара саралау жолымен өтеуге дейін мерзімі бойынша біріктіріледі. Әдістеме KASE интернет-сайтында жарияланады – http://kase.kz/ru/kase_rules/ [2019-09-18]