KASE Директорлар кеңесі Клирингілік қатысушылар туралы қағидаға түзетулер енгізді

18.09.19 16:28
/KASE, 18.09.19/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлра кеңесі 2019 жылдың 16 қыркүйегіндегі шешімімен "Клирингілік қатысушылар туралы қағида" (Қағида) атты KASE ішкі құжатына № 4 өзгертулер мен толықтыруларды (түзетулер) енгізді. Аталмыш түзетулер KASE қор нарығында орталық контрагент функцияларын атқара бастаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі, олар туралы қосыша хабарланады. Аталмыш түзетулер мынадай мақсаттарда енгізілді: - қор нарығында кепілдік жарнаның мөлшерін анықтау; - "жартылай қамтылған" санаты бар қор нарығының клирингілік қатысушыларына қойылатын, талаптарды анықтау; - "жартылай қамтылған" санаты бар қор нарығының клирингілік қатысушыларына қойылатын, талаптарға сәйкес келмейтін, қор нарығының клирингілік қатысушыларына "толық қамтылған" санатын орнату; - валюталық нарықтың клирингілік қатысушысын "жартылай қамтылған" санатына жайғасымдар ашу шектелімісіз және бастапқы маржаның жеке мөлшерлемесісіз ауыстырылуы мүмкін болатын, шарттарды анықтау; - "уәкілетті сауда-саттыққа қатысушы" – өзінің кастодиан клиентінің мүддесіне мәмілелер жасасатын, сауда-саттыққа қатысушысы түсінігін енгізу. Қағиданың жаңартылған мәтіні KASE интернет-сайтында жарияланады – http://kase.kz/ru/kase_rules/ [2019-09-18]