KASE Директорлар кеңесі "ASTS+ сауда-клирингілік жүйесіне рұқсаттама беру ережелері" атты жаңа ішкі құжатын бекітті

17.09.19 17:46
/KASE, 17.09.19/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2019 жылдың 16 қыркүйегіндегі шешімімен "ASTS+ сауда-клирингілік жүйесіне рұқсаттама беру ережелері" (Ережелер) атты KASE жаңа ішкі құжаты бекітілді. Ережелердің қолданысқа енгізілу датасы қосымша жарияланады. Ережелер ASTS+ сауда-клирингілік жүйесіне рұқсаттама беру шарттары мен тәртібін анықтайды. Ережелермен келесі пайдаланушыларға рұқсаттама беру қарастырылған: 1) KASE мүшелерінің трейдерлері; 2) бақылау және қамту жүйелерінің пайдаланушылары; 3) қадағалаушылар ретінде сауда-клирингілік жүйесінже жұмыс жасауға ниеттенген, тұлғалар; 4) KASE қызметкерлері; 5) демеушілік көрсетілетін рұқсаттаманың клиенттері. Ережелер KASE интернет-сайтында жарияланады. [2019-09-17]