"Halyk Finance" АҚ 300,0 млн ресейлік рубль көлемінде қарыз алды

16.09.19 17:16
/KASE, 16.09.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы, тақырыптамада – "Halyk Finance" АҚ), 2019 жылдың 13 қыркүйегінде 300 000 000,00 ресейлік рубль көлемінде қарыз алғаны туралы Биржаға хабарлады. Қарыз алудың мақсаты – айналым қаржыларын толықтыру. Толық ақпарат – http://kase.kz/files/emitters/HFIN/hfin_big_loan_130919_721.pdf [2019-09-16]