"Исткомтранс" ЖШС өзінің XS0918292151 (ECTRe1)халықаралық облигацияларын жартылай кері сатып алғаны туралы хабарлады

16.09.19 15:41
/KASE, 16.09.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Исткомтранс" ЖШС (Алматы, бұдан әрі – Компания), Биржаға өзінің Еурооблигацияларының (ISIN XS0918292151, ECTRe1) бір бөлігін жалпы сомасы 230 000 АҚШ (номиналды көрсетілімде) долларына кері сатып алғаны туралы Биржаға хабарлады. 10.09.2019ж. Компания кері сатып алынған Еурооблигацияларын 18.04.2013ж. Бағалы қағаздардың шығарылым аңдатпасына сәйкес жойды. Толық ақпарат – http://kase.kz/files/emitters/ECTR/ectr_other_doc_100919_2846.pdf [2019-09-16]