"Лизинг Групп" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді

04.09.19 12:09
/KASE, 04.09.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Лизинг Групп" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына 2019 жылдың 29 тамызындағы акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Директорлар кеңесінің құрамына келесі өзгертулер енгізілгені туралы хабарлады: - Жандосов О.А. – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, шығарылды; - Джаукенов М.А. – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, сайланды. Қазіргі уақытта "Лизинг Групп" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы бес адамнан тұрады : Джаукенов М.А., Тулегенов А.М., Курмангалиев Т.К., Арсланқызы Румина, Примбетов Е.С. Осы ақпарат жарияланды – http://kase.kz/files/emitters/LZGR/lzgr_board_changes_290819_646.pdf [2019-09-04]