Қазақстан қор биржасында 29 тамызынан бастап "Нұрбанк" АҚ KZ2C00002871 (NRBNb15) облигацияларымен сауда-саттық жаңартылады

29.08.19 11:14
/KASE,16.08.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) басқармасының шешімімен 2019 жылдың 29 тамызынан бастап, Қазақстан қор биржасында "Нұрбанк" АҚ (Алматы) KZ2C00002871 (KASE негізгі сауда- саттық алаңы, "облигациялар" санаты, NRBNb15) облигацияларымен сауда- саттық жаңартылады. Аталмыш облигациялармен сауда-саттық Қазақстан қор биржасында KASE Басқармасының шешіміне сәйкес, 2019 жылдың 19 тамызынан бастап, 2019 жылдың 12 тамызында аталмыш облигацияларды ұстаушылардың жиналысы өтуіне байланысты тоқтатылды. Аталмыш облигациялармен сауда-саттық 2019 жылдың 19 тамызында облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысындағы қабылданған және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінде аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына өзгертулер мен толықтыруларды енгізуіне байланысты жаңартылды. "Бағалы қағаздардың орталық депозитариі" АҚ 2019 жылдың 28 тамызындағы хатымен оның есепке алу жүйесінде аталмыш облигациялар бойынша операцияларды тіркеу жаңартылды. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына өзгертулер мен толықтырулар KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/files/emitters/NRBN/nrbnf9_NRBNb15_izm_260819.pdf жарияланды. Бұрын осы тақырыпта 2019 жылдың 29 шілдесіндегі KASE жаңалығы "Нұрбанк" АҚ KZ2C00002871 (NRBNb15) облигацияларымен сауда-саттық 19 тамызынан бастап тоқтатылды" атты жаңалығы жарияланған – http://kase.kz/ru/news/show/1411536/ [2019-08-29]