"Novacom Corporation" АҚ KZ2P00006190 (NCOMb2) облигациялары KASE балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

23.08.19 16:17
/KASE, 23.08.19/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2019 жылдың 23 тамызынан бастап "Novacom Corporation" АҚ (Алматы) KZ2P00006190 (1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 10 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 13,00 %; 30/360) облигациялары KASE балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті. Эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енеді. Сондай-ақ, аталмыш акциялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. "Novacom Corporation" АҚ қаржылық кеңесшісі "Инвестиционный дом "Fincraft" Инвестициялық Үйі" АҚ (Алматы). Аталмыш акцияларға тиісінше NCOMb2 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Аталмыш акцияларды шығару туралы нақты ақпарат Листингілік комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң KASE интернет-сайтында жарияланады. [2019-08-23]