"Байтерек девелопмент" АҚ KZ2С00006179 (BTDVb2) облигациялары KASE балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

23.08.19 16:03
/KASE, 23.08.19/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2019 жылдың "Байтерек девелопмент" АҚ (Нұр-Сұлтан) KZ2С00006179 (1 000 теңге, 25,0 млрд теңге; 10 жыл; жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы арнайы мамандандырылған сауда-саттық қорытындысы бойынша анықталады; 30/360) облигациялары KASE балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті. Эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енеді. Сондай-ақ, аталмыш акциялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. "Байтерек девелопмент" АҚ аталмыш облигацияларының шығарылымы 2019 жылдың 08 тамызындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде төртінші облигациялық бағдарламасы аясында 500,0 млрд теңгеге бірінші болып табылады. "Байтерек девелопмент" АҚ қаржылық кеңесшісі "Казкоммерц Секьюритиз" ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы). Аталмыш акцияларға тиісінше BTDVb2 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Аталмыш акцияларды шығару туралы нақты ақпарат Листингілік комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң KASE интернет-сайтында жарияланады. [2019-08-23]