2019 жылдың 20 тамызынан бастап "Фридом Финанс" АҚ KZ2C00004257 (FFINb3) облигацияларының биржадағы сауда-саттықтары уақытша тоқтатылды

20.08.19 10:05
/KASE, 20.08.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2019 жылдың 24 шілдесінен бастап "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) KZ2C00004257 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, FFINb3) облигацияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылғаны туралы хабарлайды. Осы шешім 2019 жылдың 20 тамызында аталмыш облигациялардың жалғыз ұстаушысынан облигациялардың аңдатпасына өзгертулер мен толықтырулар енгізілгені туралы хабарлама алуына байланысты қабылданды. Қазақстан қор биржасында аталмыш облигациялармен сауда-саттық KASE аталмыш облигациялармен операцияларды тіркеуді есепке алу "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ жүйесінде хабарлама алған соң жаңартылады. Егер ұстаушылардың жалпы жиналысы өткізілмесе және/немесе облигациялардың шығарылым аңдатпасына өзгертулерді бекіту бойынша шешімі шығарылмаса, онда облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысында қабылданған аталмыш облигациялармен сауда-саттық туралы шешімді қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жариялау туралы "Фридом Финанс" АҚ хабарлама алғаннан кейінгі жұмыс күнінен бастап жаңартылады. Осы тақырып бойынша осының алдында 2019 жылдың 23 шілдесінде KASE жаңалығы жарияланды: "Фридом Финанс" АҚ KZ2C00004257 (FFINb3) облигацияларын ұстаушылар облигациялардың шығарылым аңдатпасына өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы шешім қабылдады" – http://kase.kz/ru/news/show/1409131/ атты жаңалығы жарияланған. [2019-08-20]