2019 жылдың 01 қыркүйегінен бастап "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелерінің белсенділік көрсеткіштерін есептеу әдістемесіне" енгізілген өзгертулер қолданысқа енгізілді

19.08.19 18:13
/KASE, 19.08.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2019 жылдың 16 тамызындағы шешімімен "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелерінің белсенділік көрсеткіштерін есептеу әдістемесіне" (Әдістеме) атты KASE ішкі құжатына енгізілген № 1 өзгертулер (өзгертулер) 2019 жылдың 01 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілді. Аталмыш өзгертулер KASE мүшелерінің ай сайынғы белсенділік рэнкингін интернет-сайтында жариялау мерзіміне қатысты және әрбір айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей, аталмыш рэнкингін жариялануын қарастырады. Қазіргі уақытта KASE интернет-сайтында: - 2019 жылдың 01 қыркүйегіне дейін жарамды Әдістеме мәтіні, http://kase.kz/files/normative_base/members_activity.pdf - 2019 жылдың 01 қыркүйегіне дейін жарамды Әдістеме мәтіні, http://kase.kz/files/normative_base/members_activity_izm1.pdf [2019-08-19]