20 тамыздан бастап Қостанай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00000107 (KSK024_032) облигациялары мерзімнен бұрын өтелуіне байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
19.08.19 18:02
/KASE, 19.08.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2019 жылдың 20
тамызынан бастап Қостанай облысының жергілікті атқарушы органының
KZMJ00000107 (KSK024_025; 1 000 теңге, 4,0 млрд теңге; 06.10.17 –
06.10.19; жылдық 0,35 % жарты жылдық купон; 30/360) мерзімнен бұрын
өтелуіне байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды.
"Қостанай облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі
2019 жылдың 15 тамызындағы хатымен Биржаға аталмыш
облигациялардың мерзімнен бұрын өтелгені туралы хабарлады.
"Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ 2019 жылдың 19 тамызындағы
хатымен аталмыш облигациялардың мерзімнен бұрын өтелгенін растады.
Аталмыш облигациялар 2017 жылдың 06 қазанынан бастап KASE ресми
тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілген.
[2019-08-19]