2019 жылдың 15 шілдесінен бастап "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ KZ2C00001766 (LARIb2) облигацияларының биржадағы сауда-саттықтары уақытша тоқтатылды

15.07.19 16:07
/KASE, 15.07.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2019 жылдың 24 шілдесінен бастап "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ (Алматы) KZ2C00001766 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, LARIb2) облигацияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылғаны туралы хабарлайды. 2019 жылдың 15 шілдесінде облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысында шығарылым аңдатпасында өзгертулерді бекіту туралы шешім қабылданған жағдайда, сауда-саттықты тлоқтату мерзімі KASE аталмыш облигациялардың аңдатпасына енгізілген тиісті өзгертулер мен толықтыруларды алғаннан кейін және "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ өз жүйесінде олардың орналастырылуы мен айналысын есепке алу қалпына келтірілгенін растағаннан кейін, ұзартылады. Облигацияларды ұстаушылардың аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына өзгертулерді бекіту туралы шешім қабылданған жағдайда олардың айналым мерзімі аяқталуына байланысты ресми тізімнен шығарылуы 2019 жылдың 16 шілдесінде орындалмайтын болады. Облигациялармен сауда-саттық KASE аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына тиісті өзгертулерді KASE алған соң және облигацияларды орналастыруды есепке алу жүйесінде жаңарту туралы "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ растау алған соң келесі жұмыс күні жаңартылады. Облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы болмаса және/немесе аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына өзгертулерді бекіту бойынша шешім қабылданбаса, аталмыш облигациялар биржаның ресми тізімінен 2019 жылдың 16 шілдесінен бастап шығарылады. Осы тақырып бойынша осының алдында 2019 жылдың 17 маусымында KASE жаңалығы жарияланды: "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ KZ2C00001766 (LARIb2) облигацияларын ұстаушылардың жалпы жиналысы өтеді" – http://kase.kz/ru/news/show/1408188/ атты жаңалығы жарияланған. [2019-07-15]