"ҚазТрансОйл" АҚ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтардырын қорғау комитеті «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының ішкі нарықта мұнайды магистралдық құбыржолдары жүйелері арқылы айдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне уақытша өтемдік тарифін бекіткендігін хабарлайды
06.08.19 14:33
/KASE, 06.08.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "ҚазТрансОйл" АҚ (Нұр-Сұлтан), 2019 жылдың 06
тамызында биржаға жолдаған баспасөз хабарламасында былай деп
мәлімдеді:
цитата басы
«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың
құқықтардырын қорғау комитетімен «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының
Павлодар мұнай құбыры басқармасының Прииртышск станциясындағы
авариялық-қалпына келтіру пунктінде (АҚКП) таратушы желілер арқылы су
беру және сарқынды суды бұру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке
уақытша өтемдік тарифтер бекітілгенін хабарлайды «ҚазТрансОйл» АҚ
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи
монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетімен Павлодар мұнай құбыры басқармасының Прииртышск
станциясындағы авариялық-қалпына келтіру пунктінде (АҚКП) таратушы
желілер арқылы су беру және сарқынды суды бұру жөніндегі реттеліп
көрсетілетін қызметке уақытша өтемдік тарифті 2019 жылғы 1 қыркүйектен
бастап 2020 жылғы 31 тамызға дейін бекітілгенін хабарлайды (Қазақстан
Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды
реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті
төрағасы міндетін атқарушысының 2019 жылғы 31 шілдедегі №203–НҚ
бұйрығы).
«ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасының Прииртышск
АҚКП таратушы желілер арқылы су беру және сарқынды суды бұру жөніндегі
реттеліп көрсетілетін қызметке уақытша өтемдік тарифтер мына мөлшерде
бекітілді:
- суды таратушы желілер арқылы беру - 23,75 теңге/м3 ҚҚС-сыз;
- ағынды суларды бұру - 23,95 теңге/м3 ҚҚС-сыз.
цитата соңы
[2019-08-06]