"Altyn Bank" АҚ (China Citic Bank Corporation Limited еншілес банкі) халықаралық біріктірілген қарыздың жетекші ұйымдастырушы және банк қатысушысы ретінде қатысты
06.08.19 11:25
/KASE, 05.08.19/ – Бағалы қағздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Altyn Bank" АҚ (China Citic Bank Corporation
Limited еншілес банкі) (Алматы) Қазақстан қор биржасына 2019 жылдың 06
тамызындағы баспасөз хабарламасын ұсынды:
цитата басы
«Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd ЕБ) біріктірілген қарыз
шеңберінде «Кишлок курилиш банк» АКБ (Өзбекстан Республикасы) банкін
сомасы 3 миллион доллармен қаржыландырды, уәкілетті жетекші
ұйымдастырушысы болып ресейлік «Транскапиталбанк» ҚАҚ қатысты.
Мәміле қатысушылары ретінде, Altyn Bank басқа, 6 ресейлік қаржы
институттары да атанды. Несие қарыз алушыға жалпы корпоративтік
мақсаттарға, сондай-ақ қарыз алушының клиенттерінің сауда
келісімшарттарын қаржыландыруға мерзімі бір жылға берілді.
«Аталған кіріктірілген қарыз, ауқымды экономикалық реформаларды іске
асырушы Өзбекстан мемлекетінің банк жүйесі тарихында бірінші рет болып
отыр», - деп түсіндірді «Altyn Bank» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары
Жанар Айқымбаева, - және де біз осы алғаш рет жасалып жатқан мәміленің
өзбекстандық және ресейлік әріптестер арасында ұзақ мерзімді
серіктестіктің басталуына жол ашады деп сенеміз. Бұл мәміле – Altyn Bank
қатысқан үшінші халықаралық синдикат болып табылады. Біз бұдан кейін де
өзіміздің стратегиямызға сәйкес келетін халықаралық бизнес бағытын
белсенді түрде дамытуға ниеттеміз».
2018 жылы «Altyn Bank» АҚ халықаралық синдикат қатысушысы атанды
және «Белинвестбанк» ААҚ (Беларусь) банкін сомасы 3,5 миллион евроға
және «АСБ Беларусбанк» ААҚ (Беларусь) банкін 4 миллион евроға
қаржыландырды.
Анықтамалық ақпарат:
«Altyn Bank» АҚ (ДБ China CITIC Bank Corporation Ltd ЕБ), бұған дейін
«HSBC Қазақстан Банкі» АҚ ЕБ, Қазақстанның қаржы нарығында 20 жылдан
астам жұмыс істейді. «Altyn Bank» АҚ универсалды коммерциялық банк
болып табылады және корпоративтік және бөлшек сауда клиенттеріне
қызмет көрсетеді, актив өлшемдері бойынша 13-ші орынға ие, сондай-ақ
қазақстандық коммерциялық банктер арасында үздік жоғары рейтингке ие
(Fitch – “BBB-”, Moody’s – “Ba1”). «Altyn Bank» АҚ Қазақстанда алғаш рет
жеке тұлғаларға арнап толық қаржы қызметтерінің спектрі көрсетілген Altyn-i
толық сандық банкін ашты. Алматы, Астана, Атырау және Ақтау
қалаларында 4 филиалы және де АХҚО филиалы мен Алматыда 2 қосымша
бөлімшесі бар.
Қосымша сұрақтарыңыз болса төмендегі байланыс нөміріне
хабарласуыңызға болады:
«Altyn Bank» АҚ
(China CITIC Bank Corporation Limited ЕБ)
Екатерина Купреева,
Маркетинг басқармасының басшысы
Тел. +7 (727) 356 62 73, (ішкі 11 120)
E-mail: Ekaterina.K@altynbank.kz
цитата соңы
[2019-08-06]