2019 жылдың 02 қыркүйегінде "Батыс транзит" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

05.08.19 10:45
/KASE, 05.08.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Батыс транзит" АҚ (Алматы), 2019 жылдың 02 қыркүйегінде сағат 12:00-де өз акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтетіні туралы Биржаға хабарлады. Күн тәртібінде төрт мәселе қосылған, оның ішінде 2017 жылға қалыптасқан бөлінбеген табыс сомасынан компанияның жай акциялары бойынша дивиденд төлеу мәселесі енгізілген. Жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды – http://kase.kz/files/emitters/BTTR/bttr_special_shareholders_meeting_info_020919_622.PDF [2019-08-05]