"ҚазТрансОйл" АҚ бекітілген тарифтік сметаларды орындау, бекітілген инвестициялық бағдарламаны орындау, реттеліп көрсетілетін қызметтер сапасы мен сенімділік көрсеткіштерін сақтау және 2019 жылғы 1-ші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғалар алдында қызметтер тиімділігінің көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есеп бойынша қоғамдық тыңдау өткендігін хабарлады

02.08.19 14:51
/KASE, 02.08.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазТрансОйл" АҚ (Нұр-Сұлтан), 2019 жылдың 02 тамызында биржаға жолдаған баспасөз хабарламасында былай деп мәдлімдеді: цитата басы «ҚазТрансОйл» АҚ 2019 жылғы 31 шілдеде бекітілген тарифтік сметаларды орындау, бекітілген инвестициялық бағдарламаны орындау, реттеліп көрсетілетін қызметтер сапасы мен сенімділік көрсеткіштерін сақтау және 2019 жылғы 1-ші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғалар алдында қызметтер тиімділігінің көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есеп бойынша қоғамдық тыңдау өткендігін хабарлайды. Есеп келесі ақпаратты қамтыды: Қоғам туралы жалпы мәлімет; Алдын ала болжам бойынша 2019 жылғы 1-ші жартыжылдығына Қоғам қызметінің негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштері; Алдын ала болжам бойынша 2019 жылғы 1-ші жартыжылдыққа бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы; Алдын ала болжам бойынша 2019 жылғы 1-ші жартыжылдыққа реттеліп көрсетілетін қызметтерге уәкілетті орган бекіткен тарифтік сметаларды баптар бойынша орындалуы; Реттеліп көрсетілетін қызметтер тұтынушыларымен жүргізілетін жұмыстар. Реттеліп көрсетілетін қызметтер ұсыну сапасы. 2019 жылғы 2-ші жартыжылдыққа арналған қызметтер перспективасы. Есебі "Казахстанская правда", "Егемен Қазақстан", сондай-ақ "КазТрансОйл" АҚ ресми сайтында жарияланды. цитата соңы [2019-08-02]