2019 ЖЫЛДЫҢ 01 ТАМЫЗЫНАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ, KASE ИНДЕКСІНІҢ МӘНІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕТІН, АКЦИЯЛАРДЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІН ӨЗГЕРТТІ

31.07.19, 18:40
/KASE, 31.07.19/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің 2019 жылдың 31 шілдесіндегі шешімімен 2019 жылдың 01 тамызынан бастап KASE индексінің өкілетті тізіміне енетін акциялардың жаңа параметрлері – еркін айналыстағы акциялардың үлесі және шектеу коэффициенттері – анықталды. Төменде берілген кестеде KASE Индексінің мәніне ықпал ететін, акциялардың 2019 жылдың 01 тамызынан бастап қолданыста болған және жаңа параметрлері көрсетілген. -------------------------------------------------------------------- Акциялар коды ISIN Орналастырылған Free float шектеулі коэф- акциялар саны (Fi), % фициент (Ri) ------------- ------------ --------------- ---------- -------------- CCBN KZ0007786572 165 637 911 41,7 1,0000000 GB_KZMS GB00B0HZPV38 480 723 977 55,6 0,0320845 HSBK KZ000A0LE0S4 11 754 049 397 25,5 0,0599880 KCEL KZ1C00000876 200 000 000 20,0 0,3109220 KEGC KZ1C00000959 259 998 610 10,0 0,5866033 KZTK KZ0009093241 10 707 323 23,0 0,3947221 KZTO KZ1C00000744 384 628 099 10,0 0,5903420 -------------------------------------------------------------------- Осыдан басқа, Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің аталмыш шешімімен 2019 жылдың 01 тамызынан бастап KASE Индексін есептеу барысында түзету коэффициентінің жаңа мәні (K) – 4,878921 қолданылады. КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ KASE индексі – KASE акция нарығының индексі, ол аталмыш индексті есептеу үшін өкілетті тізімге енгізілген акциялар бағасының өзгеруін, олардың эмитенттерінің капитализациясын және еркін айналыстағы (free float) бұл акциялар санын ескере отырып, көрсетеді. Бір атаулыдағы акцияның KASE индексіне ықпалы 15 %-дан аса алмайды. KASE индексі осы индексті есептеу үшін өкілетті тізімдегі атаулы акцияларымен мәміле жасау шамасына қарай сауда-саттық күні барысында есептеледі. Параметрлері KASE индексін есептеуге қажетті, мәмілелер сауда-саттық күні барысында жасалмаса, мұндай есептесулер мақсатында соңғы нәтижелі сауда-саттық сессиясының нәтижелері қолданылады. Индексті есептеу әдістемесі "Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатында берілген, ол KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met_kaz.pdf мекен-жай бойынша жарияланған. Индекс беті http://www.kase.kz/kz/index_kase мекен-жай бойынша жарияланған. Акция коды: биржада сатылатын, бағалы қағаздар эмитентінің кодын (алғашқы 4 таңбасы, сондай-ақ жай акция коды): акция санатын (егер бесінші таңба "p" болса, онда артықшылықты акция); акция шығарылымының реттік нөмірі (қажет болған жағдайда, алтыншы сандық таңба) көрсетіледі. Эмитенттердің кодтары: ABBN – "Астана Банкі"; CCBN – " ЦентрКредит Банкі" АҚ; GB_KZMS – KAZAKHMYS PLC; HSBK – "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ; KCEL –"Кселл" АҚ; KEGC – "Қазақстан электр желілерін басқару компаниясы" АҚ (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOC" (KEGC); KZTK – "Қазақтелеком" АҚ; KZTO – "КазТрансОйл" АҚ. Орналастырылған акциялар саны – листингілік компания акционерлерінің тізілімі жүйесінің үзінді көшірмесінің мәліметтері немесе компанияның ақпараты негізінде, қайта сатып алынғандарды есептемегенде, листингілік компанияның орналастырылған акциялар саны ретінде, KASE дербес түрде анықтайтын, параметр. Биржа KASE Индексін есептеу кезінде орналастырылған акциялардың биржадағы құжаттармен расталған санының мәнін ескереді. Free float (Fi), % – мемлекетке, эмитент менеджментіне және, эмитенттің жай акцияларының жалпы санынан бес және одан көп көлеміндегі пайызына иеленген, акционерлерге тиесілі емес, KASE Тәуекел комитетінің шешімімен стратегиялық деп танылмаған (есептік қызмет көрсету қызметін атқаратын институционалды инвесторлар, номиналды иелері және т.б.) акционерлерді қоспағанда, акциялардың саны ретінде KASE анықтайтын параметр. Шектеу коэффициент (Ri) – әрбір акцияның индекс мәніне ықпалын он бес пайызға дейін шектейтін, параметр. [2019-07-31]