30 шілдеден бастап "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ KZ2C00005684 (FRMPb2) шығарылымды жоюға байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

30.07.19 11:31
/KASE, 30.07.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2019 жылдың 30 шілдесінен бастап "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (Алматы) KZ2C00005684 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, (FRMPb2) облигациялары KASE ресми тізімінен айналым мерзімі аяқталуына байланысты шығарылды. Аталмыш шешім "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ 2019 жылдың 29 шілдесіндегі хаты және 2019 жылдың 17 шілдесіндегі аталмыш облигациялардың шығарылымын жою туралы куәлігінің көшірмесі негізінде шығарылды. Бұрын осы тақырыпта 2019 жылдың 30 шілдесіндегі KASE жаңалығы "Ұлттық Банк "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ KZ2C00005684 (FRMPb2) облигациялар шығарылымын эмитенттің оларды сатып алуына байланысты жойды" атты жаңалығы – http://kase.kz/ru/news/show/1409564/ жарияланды. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне негізгі алаңының "облигациялар" санатына 2018 жылдың 13 желтоқсанынан бастап енгізілді. Олардың сауда-саттықтары 2019 жылдың 11 наурызынан бастап ашылды. [2019-07-30]