/KASE, 29.07.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "ҚАЗАҚАЛТЫН" тау-металлургиялық концерні" АҚ
(Степногорск) Қазақстан қор биржасына (KASE), 2019 жылдың 05 тамызында
сағат 11:00 акционерлердің сырттай дауыс беру арқылы жылдық жалпы
жиналысы өткізетіні туралы хабарлады. Аталмыш жиналыстың күн
тәртібіндегі мәселе:
- компанияның 2018 жылға қаржылық есептілігін бекіту;
- компанияның 2018 жылға таза табысын бөлу тәртібін және компанияның
бір жай акциясына дивиденд көлемін анықтау;
- компанияның 2019 жылға аудит жүргізуші компаниясын анықтау туралы.
Аталмыш жиналыс өтетіні туралы ақпарат KASE интернет-сайтында –
http://kase.kz/files/emitters/KZAL/kzal_annual_shareholders_meeting_info_260819_1672.PDF
мекен-жайында жарияланған.
[2019-07-29]