2019 жылдың 24 шілдесінен бастап "Нұрбанк" АҚ KZ2C00002897 (NRBNb12) облигацияларының биржадағы сауда-саттықтары уақытша тоқтатылды

24.07.19 16:36
/KASE, 24.07.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2019 жылдың 24 шілдесінен бастап "Нұрбанк" АҚ (Алматы) KZ2C00002897 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, NRBNb12) облигацияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылғаны туралы хабарлайды. Осы шешім 2019 жылдың 23 шілдесінде аталмыш облигациялардың жалғыз ұстаушысынан облигациялардың аңдатпасына өзгертулер мен толықтырулар енгізілгені туралы хабарлама алуына байланысты қабылданды. Облигациялардың Биржадағы сауда-саттықтары, KASE аталмыш облигациялардың аңдатпасына енгізілген тиісті өзгертулер мен толықтыруларды алғаннан кейін және "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ өз жүйесінде олардың орналастырылуы мен айналысын есепке алу қалпына келтірілгенін растағаннан кейін, қайта іске қосыладыү. Осы тақырып бойынша осының алдында 2019 жылдың 24 шілдесінде KASE жаңалығы жарияланды: ""Нұрбанк" АҚ KZ2C00002897 (NRBNb12) облигацияларының аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар мақұлданды" – http://kase.kz/kz/news/show/1409198/ [2019-07-24]