23 шілдеден бастап "Bank RBK" Банкі" АҚ KZ2C00006013 (INBNb8) және KZ2C00006021 (INBNb9) облигациялары KASE ресми тізіміне альтернативті сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді

23.07.19 12:23
/KASE, 19.07.19/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2019 жылдың 17 шілдесіндегі шешімімен "Bank RBK" Банкі" АҚ (Алматы): - KZ2C00006013 (100 теңге, 10,0 млрд теңге; 7 жыл, жарты жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы арнайы мамандандырылған сауда-саттық қорытындысы бойынша анықталады; 30/360); - KZ2C00006021 (100 теңге, 10,0 млрд теңге; 7 жыл, жарты жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы арнайы мамандандырылған сауда-саттық қорытындысы бойынша анықталады; 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді: Листингілік комиссияның осы шешімі 2019 жылдың 23 шілдесінен бастап, эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағының шарттарын орындауына байланысты, өз күшіне енді. Аталмыш облигациялардың Биржадағы сауда-саттықтарының ашылуы туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигацияларға INBNb8 және INBNb9 қысқарған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Жоғарыда аталған облигациялар туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жуырдағы уақытта http://kase.kz/ru/issuers/ALBN/ мекен- жайында жарияланады. [2019-07-23]