Ұлттық Банк "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ KZ2C00001766 (LARIb2) облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулерді тіркеді

18.07.19 10:58
/KASE, 03.07.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2019 жылдың 15 шілдесіндегі KZ2C00001766 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, LARIb2; 1 теңге, 10,0 млрд теңге; 30/360) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін Биржаға ұсынды. Аталмыш құжаттарға сәйкес: - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (Ұлттық Банк) аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына өзгертулерді тіркеді; - аталмыш куәлік аталмыш облигациялардың айналым мерзімі мен сыйақы мөлшерлеемсі мерзімін өзгертуге байланысты ауыстырылды; - айналым мерзімі 7 жылдан 9 жылға дейін; - сыйақы мөлшерлемесі көлемі сегізінші және тоғызыншы жылдар боййы 8,00 – ден жылдық 13,00 % өзгертілді. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына өзгертулер KASE интернет-сайтында – http://www.kase.kz/files/emitters/LARI/larif9_LARIb2_izm_150719.pdf мекен- жайында жарияланды. [2019-07-18]