"First Heartland Jýsan Bank" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 05 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
17.07.19 10:40
/KASE, 17.07.19/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "First Heartland Jýsan Bank" АҚ (Астана, бұдан әрі – банк)
биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 05
шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған KZ1C33820016 жай акцияларының жалпы саны 697 500 000
дана, KZ1P33820112 артықшылықты акциялар саны – 2 500 000 дана;
- банктің 121 181 706 жай акциялары және барлық артықшылық акциялары
орналастырылған;
- банктің орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі
санына иеленген жалғыз тұлға "First Heartland Securitiesl" АҚ болып табылады,
оның меншігінде 123 297 579 (банктің орналастырылған акцияларының жалпы
санынан 99,69%) соның ішінде банктің 121 181 706 жай акциясы (банктің
орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 100,00%) және 2 115 873
артықшылықты акциясы (банктің орналастырылған артықшылықты акцияларының жалпы
санынан 84,63%) бар.
[2019-07-17]