"ForteBank" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

16.07.19 15:50
/KASE, 16.07.19/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ForteBank" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған KZ1C40310019 жай акцияларының жалпы саны 150 003 000 000 дана; - банктің 92 387 104 089 жай акциялары орналастырылған; - банк өзінің 2 893 519 941 акциялары кері сатып алды; - банктің орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға Б.Ж.Өтемұратов болып табылады, оның меншігінде 80 629 447 285 жай акциясы (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан 90,10% немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 87,27%) бар. [2019-07-16]