"Атамекен-Агро" АҚ 2019 жылдың 05 тамызында акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткізеді

10.07.19 15:15
/KASE, 10.07.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Атамекен-Агро" АҚ (Атырау), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2019 жылдың 05 тамызында сағат 15:00 акционерлердің сырттай дауыс беру арқылы жылдық жалпы жиналысы өткізетіні туралы хабарлады. Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе: - компанияның 2018 жылға қаржылық есептілігін бекіту; - компанияның 2018 жылға таза табысын бөлу тәртібін және компанияның бір жай акциясына дивиденд көлемін анықтау; - компанияның 2019 жылға аудит жүргізуші компаниясын анықтау туралы. Аталмыш жиналыс өтетіні туралы ақпарат KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/files/emitters/KATR/katr_annual_shareholders_meeting_info_050819_0521.PDF мекен-жайында жарияланған. [2019-07-10]