/KASE, 10.07.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Атамекен-Агро" АҚ (Атырау), Қазақстан қор биржасына
(KASE), 2019 жылдың 05 тамызында сағат 15:00 акционерлердің сырттай
дауыс беру арқылы жылдық жалпы жиналысы өткізетіні туралы хабарлады.
Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе:
- компанияның 2018 жылға қаржылық есептілігін бекіту;
- компанияның 2018 жылға таза табысын бөлу тәртібін және компанияның
бір жай акциясына дивиденд көлемін анықтау;
- компанияның 2019 жылға аудит жүргізуші компаниясын анықтау туралы.
Аталмыш жиналыс өтетіні туралы ақпарат KASE интернет-сайтында –
http://kase.kz/files/emitters/KATR/katr_annual_shareholders_meeting_info_050819_0521.PDF
мекен-жайында жарияланған.
[2019-07-10]