"Матен Петролеум" АҚ жалғыз акционері 2018 жылға жылдық қаржылық есептілігін бекітті және жай акциялары бойынша дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдады

03.07.19 17:56
/KASE, 03.07.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Матен Петролеум" АҚ (Атырау) жалғыз акционерінің 2019 жылдың 01 шілдесіндегі шешімдері туралы хабарлады. - компанияның 2018 жылға қаржылық есебі бекітілсін; - компанияның 2018 жылға 11 775 106 000 теңге таза табысы акционерлер арасында бөлінбесін соған байланысты дивиденд төлеу күні белгіленбесін; - компанияның және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне шағым түспегендігі назарға алынсын. Толық ақпарат – http://kase.kz/files/emitters/MATN/matn_annual_shareholders_meeting_results_010719_703.pdf [2019-07-03]