ВТБ Банкі (Қазақстан) АҚ "Ақ Ниет" бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерді қаржыландыруды бастайды
03.07.19 12:05
/KASE, 03.07.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, Банк ВТБ (Қазақстан) Еншілес банкі АҚ (Алматы),
Қазақстан қор биржасына (KASE) 2019 жылдың 03 маусымындағы
төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды:
цитата басы
Банк ДАМУ Қорымен және Шығыс Қазақстан облысы Әкімдігімен 200
млн.теңге, оның 100 млн. теңгесін облыс Әкімдігі және 100 млн. теңгесін –
Қор берген сомаға «Ақ Ниет» субөнім бойынша – Шағын және орта
кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру бағдарламасына қатысу
туралы кредиттік келісімге қол қойды.
Осы бағдарламаның аясында Банк ВТБ (Қазақстан) жылдық 8,5%-ға дейінгі
сыйақының атаулы мөлшерлемесімен ШҚО бизнесмендеріне жеңілдікті
кредит беруде.
- Банк ВТБ (Қазақстан) «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорымен бірігіп, ШОБ
секторына маңызды қолдау көрсете отырып, көптеген жобаларды іске
асырды, - дейді Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма Төрағасы
Дмитрий Забелло: – біз кезінде Шығыс Қазақстан облысының Әкімдігімен
және Даму Қорымен «2- Ақ Ниет» субөнім бойынша бірге жұмыс
жасағанбыз. Ол кезде банк сол өңірдің кәсіпкерлерін қаржыландыруға
бөлінген 300 млн. теңгені ойдағыдай игерген. «2-Ақ Ниет» пен «Ақ Ниет»
бағдарламаларының айырмашылығы аз, осы екі субөнімінің мақсаты бір –
облыс бизнесмендерге қолдау көрсету. Мысалы, «Ақ Ниет» бағдарламасы
азық-түлік өнеркәсібін, агрокешенді, туризмді және азық-түліктік емес
тауарларды өндірудің дамуына ерекше көңіл бөледі, яғни бірінші кезекте
осы саладағы кәсіпкерлерді артық көреді.
цитата соңы
[2019-07-03]