"СОКОЛОВКА" АҚ жалғыз акционері 2018 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін бекітті және жай акциялары бойынша дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдады

03.07.19 10:03
/KASE, 03.07.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "СОКОЛОВКА" АҚ (Алматы) жалғыз акционерінің 2019 жылдың 24 маусымындағы шешімдері туралы хабарлады. - компанияның 2018 жылға аудиттелген қаржылық есебі бекітілсін; - компанияның 2018 жылға шығыны 142 247 мың теңге екендігі назарға алынсын; - 2018 жылға жай акциялар бойынша дивиденд төленбесін және аударылмасын; - компанияның және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне шағым түскен жоқ; Толық ақпарат – http://kase.kz/files/emitters/SKLK/sklk_decision_sole_shareholder_240619_131.PDF мекен-жайында жарияланған. [2019-07-03]