"ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

02.07.19 10:20
/KASE, 02.07.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ (Павлодар, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C49190016 жай акцияларының жалпы саны 200 000 000 дана; - компанияның 166 639 957 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "ОРТА-АЗИЯЛЫҚ ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КОРПОРАЦИЯСЫ" АҚ болып табылады. [2019-07-02]