01 ШІЛДЕДЕН БАСТАП KASE ШЕТ ЕЛДІК ВАЛЮТАМЕН САУДА-САТТЫҚ ЖҮРГІЗУ РЕЖИМІН ӨЗЕРТЕДІ

28.06.19 14:49
/KASE, 28.06.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2019 жылдың 01 шілдесінен бастап KASE шет елдік валюталарымен сауда-саттық жүргізуде келесі өзгертулер енгізіледі. 1. Сауда-саттық күнінің ұзақтығы ұзартылды: валюталық сауда-саттық аяқталу уақыты Нұр-Султан (AST) уақытымен 15:30 - ден 17:00 - ге дейін. 2. Қазақстан қор биржасында шет елдік валюталарымен сауда-саттық жүргізу бірыңғай толассыз сессия аясында сағат 10:15 -ден 17:00 –ге дейін AST келесі режимде жүргізіледі: - Сауда-саттық күні есептеулермен мәмілені (қытай юанімен және қытай юаніне қатысты валюталық своп операцияларынан басқа мәмілелерден басқа) сағат 10:15 тен 15:30 - ға дейін AST жасалатын болады; - Сауда-саттық күні қытай юанімен есептеулермен мәмілелер және қытай юаніне қатысты валюталық своп операциялары сағат 10:15 тен 11:00 - ге дейін AST жасалатын болады; - Сауда-саттық күні қытай юанімен есептеулермен мәмілелер және қытай юаніне қатысты валюталық своп операциялары сағат 10:15 тен 11:00 - ге дейін AST жасалатын болады; - Барлық шет ел валюталарымен мәмілелерді есептеулері келесі жұмыс күні немесе сауда-саттық күнінен кейін екінші жұмыс күні 10:15 тен 17:00 - ге дейін AST жасауға болады; - АҚШ долларына, еуро және ресей рубліне қатысты валюталық своп операциялары сағат 11:30 -дан 15:30- ға дейін AST қол жетімді. Есептеулері Т+1 (USDKZT_TOM) АҚШ долларының орташа сараланған мәні KASE сайтында әрбір сауда-саттық күні 11:00, 15:30 және 17:00 AST жағдай бойынша жарияланады. Соынмен қатар, 01 шілдеден бастап, USDKZT_TOM құралы бойынша сауда- саттық жүргізу кезінде франфурт сауда-саттық әдісін қолдану мүмкіндігі енгізіледі, егер: - болжамды мәміле бағасы алдыңғы мәміленің бағасынан сауда-саттық күні аталмыш құралы бойынша 1,5 % және одан артық ерекшеленеді; - болжамды мәміле бағасы ағымдағы сауда-саттық күні бойы франфурт сауда-саттық әдісін қолдану арқылы жасалған соңғы мәміленің бағасынан 1,5 % және одан артық ерекшеленеді. USDKZT_TOM құралдары бойынша франфурт сауда-саттық әдісін қолдану жағдайының ұзақтығы "Сауда-саттық регламенті және Растау жүйесінің жұмысы" атты KASE ішкі құжатына сәйкес белгіленген жағдайға байланысты алтыдан жеті минутқа дейін құрайтын болады. Сауда-саттық жүргізу кезінде АҚШ долларымен баға ауытқуы шегінен шығу болмайды. Аталмыш өзгерістер сауда-саттық күнін ұзарту және сауда-саттықтың қол жетімділігін қазақстандық теңгемен есептеулер мүмкіндігін шет елдік және халықаралық қатысушылар үшін кеңейту аясында жүргізіледі. Тиісті түзетулер "Сауда-саттық регламенті және Растау жүйесінің жұмысы" атты KASE ішкі құжатына енгізілген, жаңартылған редакциясы таяу уақытта KASE сайтында http://kase.kz/files/normative_base/reglament_trade.pdf жарияланады. Сауда-саттық жүргізу кезінде және нарықтық бағамды қалыптастыру кезінде 01 шілдеден бастап шет елдік валюталар бойынша "таңертеңгі", "күндізгі", "негізгі", "қосымша" сауда-саттық сессиясы қолданылмайтын болатындығын қосымша хабарлаймыз. [2019-06-28]