"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ өзінің CH0246198037 (CH0246198037, TMJLe2) облигацияларын өтегені туралы хабарлады

21.06.19 11:21
/KASE, 21.06.19/ - "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) 2019 жылдың 20 маусымында өзінің CH0246198037 (CH0246198037, TMJLe2) облигацияларын өтегені, сондай-ақ, өтеу шегінде аталмыш облигациялар бойынша соңғы - купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес аталмыш облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 102 590 000 швейцар франкі, соның ішінде негізгі қарыздың (облигациялардың жиынтық номиналды құнының) сомасы – 100 000 000 швейцар франкі, купондық сыйақысы – 2 590 000 швейцар франкі құрады. [2019-06-21]