"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ CH0246198037 (TMJLe2) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

20.06.19 09:55
/KASE, 20.06.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2019 жылдың 20 маусымынан бастап "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Нұр-Сұлтан) CH0246198037 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, TMJLe2; 100,0 млн швейцар франкі, 20.06.14 – 20.06.19, жылдық купон, жылдық 2,590 %; 30/360) облигациялары KASE ресми тізімінен айналым мерзімі аяқталуына байланысты шығарылды. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2014 жылдың 20 маусымынан бастап "рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап, KASE ресми тізімінің "облигациялар" санатына енгізілді. Олардың сауда-саттықтары 2014 жылдың 09 шілдесінен басталған. [2019-06-20]