"Маңғыстаумунайгаз" АҚ акционерлері 2018 жылға қоғамның жай және артықшылықты акциялары бойынша дивиденд төлеуге шешім қабылдады

18.06.19 11:45
/KASE, 06.06.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Маңғыстаумунайгаз" АҚ (Ақтау), Қазақстан қор биржасына (KASE), жалғыз акционерінің 2019 жылдың 17 маусымындағы шешімдері туралы хабарлады: - компанияның 2018 жылға бөлінбеген табысы 60 029 246 000 теңге көлемінде келесі тәртіппен дивиденд төлеуге бөлінсін; - бәр жай және артықшылықты акцияға дивиденд көлемі 551 теңгеден бекітілсін; - артықшылықты акция бойынша дивидендтер 600 292 460 теңге көлемінде төлемге жататын болады және 2019 жылдың 19 маусымында аударылады; - жай акция бойынша дивидендтер 59 428 953 540 теңге көлемінде төлемге жататын болады және 2019 жылдың 20 маусымында аударылады; Аталмыш ақпаратпен – http://kase.kz/files/emitters/MMGZ/mmgz_decision_170619_1.pdf мекен- жайында танысуға болады. [2019-06-18]