"Қазақстан Даму Банкі" АҚАқоғай тау-кен байыту кешенін кеңейту жобасын жүзеге асыру үшін "KAZ Minerals Aktogay" ЖШС $600 млн көлемінде қаржыландырғаны туралы хабарлады

17.06.19 15:05
/KASE, 17.06.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Нұр-Сұлтан) келесі баспасөз хабарламасын ұсынды: ... «Қазақстанның Даму банкі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғай кен байыту кешенін (КБК) кеңейту жобасын іске асыруға 15 жылға дейінгі мерзімге $600 млн сомасында кредиттік желі ашты. Осылайша, Банк тарапынан «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС берілген қаржыландырудың жалпы сомасы 2016 жылғы желтоқсанда берілген $300 млн сомасындағы бірінші қарызды есептегенде $900 млн құрайды. Жалпы құны $1,2 млрд құрайтын Ақтоғай КБК (Ақтоғай ІІ) кеңейту жобасы сульфидтік руданы қайта өңдеу жөніндегі екінші байыту фабрикасы мен тиісті инфрақұрылым салуды көздейді. Ақтоғай ІІ жобасы пайдалануға енгізілгеннен кейін КБК-нің қуаты жылына 25-тен 50 млн тоннаға дейінгі руданы қайта өңдеуге ұлғаяды. Сульфидтік рудадан алынатын мысты жыл сайын өндіру 2022 – 2027 жылдар аралығындағы кезеңде 170 мың тоннаға дейін жетіп, кейіннен 130 мың тоннаға дейін артады, яғни өсім тиісінше 80 мың тоннаны және 60 мың тоннаны құрайды. ... Осы ақпарат – http://kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_reliz_170619_1.pdf мекен-жайында жарияланған. [2019-06-17]