KASE Басқармасы Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) жоспарланған халықаралық XS2012983693 облигациялары шығарылымына KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілуіне келісім берді

14.06.19 10:52
/KASE, 14.06.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2019 жылдың 13 маусымындағы шешімімен Еуропа қайта құру және даму банкі XS2012983693 халықаралық облигациялары шығарылымы KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздар" санатына енгізілді. Аталмыш облигацияларды енгізу бастамашысы "Tengri Capital MB" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш шешім "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.5 қосымшасының 2 тарауы 2 тармағы 1) тармақшасы шарттарын орындағаннан кейін күшіне енеді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында KASE Басқармасының аталмыш шешімі күшіне енген соң жарияланады. [2019-06-14]