"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Соколов П.В. сайланды

13.06.19 14:45
/KASE, 13.06.19/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Нұр- Сұлтан), 2019 жылдың 30 мамырындағы Директорлар кеңесінің шешімімен логистика жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары Соколов П.В. сайланды. "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ басқармасына енгізілген өзгертулерді ескере отырып, құрамы сегіз адамнан тұрады: Мынбаев С.М., Абденов С.С., Дузбаева М.А., Альмагамбетов К.Е., Оразханов А.Б., Кушеров Д.А., Мукушов А.Ж., Соколов П.В. Аталмыш ақпарат – http://kase.kz/files/emitters/TMJL/tmjl_board_changes_300519_16.pdf мекен-жайында жарияланған. [2019-06-13]