/KASE, 11.06.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Лизинг Групп" АҚ (Алматы), акционерлерінің
2019 жылдың 30 мамырындағы шешімдері туралы Биржаға хабарлады:
- 2018 жылға компанияның қаржылық (шоғырландырылған және жеке)
есебі және тәуелсіз аудитордың есебі бекітілсін;
- 2018 жылға дивиденд көлемі бір жай және артықшылықты акцияға –
5 769 теңге көлемінде бекітілсін;
- "Делойт" ЖШС 2019 жылға компанияға аудит жүргізуге аудиторлық ұйым
ретінде белгіленсін.
Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында күн тәртібіндегі алты мәселе
бойынша шешім қабылданды.
Аталмыш ақпарат –
http://kase.kz/files/emitters/ASTL/astl_annual_shareholders_meeting_results_300519_0.PDF
[2019-06-11]